Қытайдағы қазақ жастары қазақтілді смартфон жасап шығарды

Қытайдың жоғары оқу орнын жаңа ғана бітірген Мұхаммед Нұхтархан мен Қайырымбек Кәкімнің бастамашылығымен «Әз баба» маркалы қазақтілді смартфон жасалып, Қытай базарына шыққандығы хабарланды

3589696

«Бұрыннан жекелік сайтымызда қазақтілді андроид бағдарламаларын жасап жүрген біз үшін «Әз баба» маркалы қалта телефонын жарыққа шығару қиынға түскен жоқ. Жарым жылға жуық уақыт ішінде бағдарламаларын жасап, терминдерді бірлікке келтіріп ең алғаш төте жазудағы смартфонды дүниеге әкеліп отырмыз», — дейді биыл ғана Шанши Педагогика университетін тәмамдаған Мұхаммед Нұхтархан.

Қазақ тілін білетіндер ғана қолдана алатын смартфонның тағы бір ерекшелігі – ұлттық ойындар орнатылып, ұлттық тағамдар жасауды техника тілімен сөйлеткен. Сондай-ақ, екі дос телефонға қазақ руханиятында орны ерекше қазақша кітаптар мен діни сауаттылыққа арналған кітаптардың электронды нұсқаларын енгізген екен.

Мұхаммедтің айтуынша, «Әз баба» сайтында техника тілін ана тілімізде сөйлеттіруді мақсат еткен бір топ оқуын жаңа ғана бітірген қазақ жастары жұмыс жасайды екен.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендейін, телефонның шығуына осы достарым көп еңбек сіңірді. Оларға алғысымыз шексіз!»-дейді ол.

Қазақы үлгідегі флешкалар мен балалар ойыншығын да жобалап базарға шығарып отырған жастар «Әз баба» ұялы телефонының екінші нұсқасын да жасауды жоспарлап отыр екен.

«Енді біз «Әз баба» сенсорлы телефонының жаңартылған үлгісін жасамақпыз. Әсіресе, келесі нұсқасын ою-өрнектермен әшекейлеуді көздеп отырмыз», — дейді Қытай Экономика университетінің түлегі Қайырымбек Кәкім.

Social tagging: >
Поделитесь с друзьями:
Нравится
  • http://my.mail.ru/mail/90-almaz/ Абульхайр Кульсари

    ассалямуалейкум каншатурады екен калай заказ беремиз

    • http://vk.com/id222627164 Qwerty-Onlinekz Atyrau

      Уаъалейкассалям.
      Белгісіз, тек Қытайдың базарына ғана шықты, Қазақстанға қашан келетіні белгісіз..

    • http://vk.com/id222627164 Qwerty-Onlinekz Atyrau

      Уаъалейкассалям.
      Белгісіз, тек Қытайдың базарына ғана шықты, Қазақстанға қашан келетіні белгісіз..